GRUPO BIMBO КОМПАНИЯСЫ ETHISPHERE КОМПАНИЯСЫМЕН ҚАТАРЫНАН ЖЕТІНШІ ЖЫЛ «ӘЛЕМНІҢ ЕҢ ЭТИКАЛЫ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ» БІРІ АТАНДЫ

Mar 15
ethisphere

 

15 наурыз, 2023 - Grupo Bimbo, әлемдегі ең ірі нан пісіру компаниясы, этикалық корпоративтік стандарттарды анықтау мен өркендету бойынша жаһандық көшбасшы болып табылатын Ethisphere компаниясы жүргізген талдаулар бойынша кезекті жетінші жыл «Әлемнің ең этикалы компанияларының» бірі ретінде танылды. 2023 жылғы шығарылымда 48 өндірістік сала бойынша 19 елдің 135 компаниясы тізімделді.

Ethisphere компаниясы Grupo Bimbo компаниясын қызметкерлеріне, өзі жұмыс істейтін қауымдастықтарға және басқа да негізгі топтарға оң әсер ететін этикалық корпоративтік әдістерді ұстанғандықтан мойындады. Адалдықты ұстану мақсатында жетекші наубайхана жаһандық деңгейде қолдайтын әдістерге этикалық кодексті жариялау мен жаңарту жатады. Бұл кодексте, ұйымның іші мен сыртындағы тәртіптің ең жоғарғы стандарттары мен мақсатты топтардың арақатынасына арналған нұсқаулар да анықталған.

Сол сияқты, компания жаһандық адалдық саясатын ұстанады, оның нұсқаулары жемқорлыққа қарсы заңдардың түсінікті болып, орындалуын қамтамасыз етеді. Оған қоса, жаһандық ауыл шаруашылығы саясатында компания экономикалық, қоршаған орта және әлеуметтік тұрақтылықты демейтін әдістерді барлық құндылықтар тізбегінде де көтеру үшін осы әдістерге байланысты өзіндік көзқарасымен бөліседі. Игнасио Степанчич, жаһандық сәйкестік көшбасшысының айтуынша: «Grupo Bimbo компаниясы үшін адалдықпен әрекет ету — басымдық. Барлығымыз осы керемет отбасының мүшесіміз және ережелерді сақтау маңыздылығын үйренгенбіз және сезінеміз, өйткені біз жаһандық этикалы компания болу осы жерде жұмыс жасайтын әр адамға арналған күнделікті тапсырма екеніне сенеміз. Осы жылы біз — тізімдегі жалғыз мексикалық компаниямыз, бұл — еш күдіксіз мақтан тұтатын жетістігіміз. Бұдан да көп компаниялар Ethisphere компаниясына жүгініп, түрлі мүдделі тараптармен әрекеттесу жолдарымен танылады деп үміттенеміз».

Оны Эрика Сальмон Бирн, Ethisphere компаниясының CEP, қостады: «Этика маңызды. Бизнестегі адалдыққа сенімді бағдарламалар мен әдістер арқылы ұмтылатын ұйымдар барлығы үшін стандарттар мен күтілетін нәтиже деңгейін көтеріп қана қоймай, сондай-ақ жақсырақ әрі ұзағырақ өнімділікке қол жеткізеді», -деді Ethisphere компаниясының басшысы, Эрика Сальмон Берн. «Біздер әлемнің ең этикалы компаниялары атауының лауреаттарымен және олардың мүдделі тараптары үшін үлкен ықпал тигізу талпынысы мен құндылықтарға негізделген үлгілі көшбасшылық көрсетуінен шабыт аламыз. Grupo Bimbo компаниясын әлемнің ең этикалық компаниялар қауымдастығында орын табуымен құттықтаймыз».

Ethisphere институты пайдаланатын әдістеме мен есеп Ethisphere патенттеген Ethics Quotient® коэффициентіне негізделген, әлемнің ең этикалық компаниялары үшін бағалау процесі мәдениет, қоршаған орта және әлеуметтік әдістер, этикалық белсенділік пен сәйкестік, басқару, әртүрлілік және мықты құндылық тізбегін қолдау бастамалары туралы 200 сұрақты қамтиды. Процесс әлем бойынша барлық секторларды басқару әдістерін анықтау мен стандарттауға арналған оперативтік құрылым ретінде қызмет етеді.
Мәртебелі компаниялар:


2023 жылғы әлемнің ең этикалық компанияларының толық тізімін келесі сілтеме арқылы таба аласыз: https://worldsmostethicalcompanies.com/honorees.

###

Grupo Bimbo туралы
Grupo Bimbo — әлемдегі жетекші әрі ең ірі нан компаниясы және тіскебасар әзірлеудің маңызды қатысушысы. Grupo Bimbo компаниясының стратегиялық тұрғыдан Америка, Еуропа, Азия және Африканың 34 мемлекетінде орналасқан 214 наубайханасы мен зауыты және де 1600-ден астам сату орталықтары бар. Оның негізгі өнім желілеріне кесілген нан, тоқаштар мен орамалар, ұн өнімдері, торттар, печеньелер, тосттар, ағылшын маффиндері, бейглдер, тортильялар және шелпектер, тұзды тағамдар мен кондитерлік өнімдер, т.б. кіреді. Grupo Bimbo 10 000-нан астам өнім шығарады және 3,3 миллионнан астам сауда орны, 55 000-нан астам маршруты және 141 000-нан астам серіктесі бар әлемдегі ең үлкен тікелей тауар тарату желілерінің біріне ие. Оның акциялары Мексика қор биржасында (BMV) BIMBO тикер белгісімен және Америка Құрама Штаттарындағы биржадан тыс нарықта BMBOY тикер белгісімен 1-деңгейдегі ADR белгісімен саудаланады.
Ethisphere туралы ақпарат
Ethisphere корпоративтік этиканы, нарықтағы сенімділікті және корпоративтік табысқа ықпал ететін этикалық стандарттарды анықтау мен жетілдіруде көшбасшы компания болып табылады. Ethisphere компанияларға корпоративтік сипатын жақсартуға және олардың мәдениетін өлшеуге және жақсартуға көмектесетін деректерді пайдалану арқылы этикалық стандарттарды өлшеу және анықтауда үлкен тәжірибесі бар. Ethisphere бұл жетістіктерді саланың сарапшылар қауымдастығын Іскерлік этика көшбасшыларының альянсымен (BELA) қамтамасыз ететін және Ethisphere журналымен бірге этика тенденциялары мен озық тәжірибелерін көрсететін Әлемдегі ең этикалық компанияларды тану бағдарламасы арқылы атап өтеді. Ethisphere сонымен қатар корпоративтік өнімділікке өз үлесін қосады және деректерді бағалаудың арқасында таргетинг және салыстыру арқылы бизнес өнімділігін жақсартуға көмектеседі: этикалық мәдениет бойынша Culture Quotient орталықтарының деректер жинағын және әлемнің түкпір-түкпірінен 2 миллионнан астам қызметкердің жауаптарын ұсынады және Ethics Quotient деректер жинағы әлемдегі ең этикалық компаниялардың этика, сәйкестік, әлеуметтік және басқару тәжірибесін ерекшелейтін 200-ден астам бақылау деректерінен тұрады. Қосымша ақпарат алу үшін https://ethisphere.comсайтына өтіңіз.